Бүгін ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қызметіне кіріскеніне 100 күн толды. Осы кезеңде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы министр әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Министрдің айтуынша, осы уақыт аралығында Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес нақты мақсаттар қойылып, соларды жүзеге асыру бағытында бірқатар маңызды жұмыстар атқарылды.
Атқарылған жұмыстар
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ҚР Туризм және спорт министрлігінің жанынан өңірлердегі спорт басқармасының басшыларын тағайындау жөніндегі комиссия құрылды. Олимпиада чемпиондары, спорт саласының білікті менеджерлері өңірлік спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Спорт федерациялары президенттерінің тағайындалуына бастамашы болып, кандидаттарды ұсынып, олардың қызметінің негізгі көрсеткіштерін (KPI) айқындаймыз.
Еліміздің өңірлеріндегі спорт саласының нақты жағдайын айқындау мақсатында арнайы мониторингтік топ құрылып, өңірлердегі спорт резервін даярлау және жоғары спорт жетістіктерін талдау жұмыстары жүргізілді.
Парламент Мәжілісінде «Дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
Қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін еліміздің спортшылары 72 халықаралық жарыстарға қатысып, нәтижесінде 600 медаль (236 – алтын, 178 – күміс, 186 – қола) жеңіп алды.
Парижде өткен XVII жазғы Паралимпиадада ұлттық құрама спортшылары 2 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте 39-орынға ие болды.
Елордада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастырып, байрақты бәсекеде Ұлттық құрама 43 алтын, 32 күміс және 37 қола медаль (барлығы 112 медаль) иеленіп, жалпыкомандалық 1-орынға ие болды.
Будапеште IJF-тің штаб-пәтерінде Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визермен кездесіп, Қазақстанда IJF академиясының филиалын ашу және 2027 жылы дзюдодан әлем чемпионатын өткізу туралы келісімге келдік.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2026 жылы Қазақстанда дәстүрлі спорт түрлері мен киберспортты біріктіретін «Болашақтың ойындарын» өткізу мүмкіндігіне ие болдық.
Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы Франциядағы INSEP Ұлттық спорт, сараптама және өнімділік институтымен ынтымақтастық орнатты.
Заманауи көшпенділерге саяхаттап, қашықтан жұмыс істейтін шетелдік туристерге арналған жаңа Neo Nomad визасы енгізілді.
Ұлы Жібек жолының ізімен саяхаттауға мүмкіндік беретін Jibek joly туристік пойызы іске қосылды.
Қарашада Алматыда Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының салтанатты жабылуына арналған халықаралық форум өтті.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту жөніндегі арнайы кешенді жоспар әзірленді.
Ойын бизнесі, лотерея қызметі мәселелері жөніндегі Заңды жүзеге асыру мақсатында 12 заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілер бекітілді.
Алғаш рет онлайн казино жұмысының транзакциясы бұғатталды.
Жоспарлар
Алдағы уақытта Дене шынықтыру және спорттың цифрлық платформасын (E-Sport) іске қосылады.
Келесі жылдың ақпанында Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары Қытайдың Харбин қаласында өтетін қысқы Азия ойындарына қатысады.
Дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заң жобасы және заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
2025 жылдың қаңтарында спорттық атақтар мен разрядтарды беру ережелерін жаңартатын жаңа бұйрық қабылданады. Бұл бұйрық спорттың барлық түрлеріне өзгерістер енгізуді қарастырады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Астанада Ұлттық спорт университетінің құрылысы аяқталып, қолданысқа беріледі.
2025 жылы балалар спорт мектептерін жан басына қаржыландыру жүйесі пилоттық жоба ретінде енгізілді.
2026 жылғы Италияның Милан және Кортина-д Ампеццо қалаларында өтетін 25-ші қысқы Олимпиада мен Лос-Анджелестегі 34-ші жазғы Олимпиадаға дайындық циклі басталып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Басқару вертикалін қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар одан әрі жалғасады.
2025 жылы Қазақстанда Қытайдың туризм жылы өтеді.
Маңғыстау курорттық аймағын және Алматы тау кластерін дамытудың кешенді жоспарларын әзірлеу жұмыстары басталды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ITB Berlin халықаралық туристік көрмесіне 2026 жылы Қазақстанның серіктес ел мәртебесінде қатысу мәселелері пысықталуда.
Букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар үшін бәс тігу бойынша Бірыңғай есепке алу жүйесі құрылады.