Көршілер арасындағы даудың нәтижесінде мүлікке келген залал бойынша сот шешімі шықты

416
Adyrna.kz Telegram
фото: Ratel.kz
фото: Ratel.kz

Жезқазған қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азамат «П»-ға қатысты басқа адамның мүлкін қасақана бүлдіру бойынша әкімшілік істі қарады.

Іс материалдарына сәйкес, 2024 жылғы 18 қазанда азамат «П» Жезқазған қаласының көшелерінің бірінде орналасқан өз үйінің жанында азаматша «Ч»-ға тиесілі автокөліктің артқы бүйірлік әйнегін сындырып, төрт дөңгелегін тесіп, тазалағыштарын жұлып, мемлекеттік нөмірлерін алып кеткен. Бұл әрекеттер салдарынан автокөлік иесіне 79 597 теңге көлемінде материалдық залал келтірілген.

Сот отырысында азамат «П» кінәсін мойындап, оның әрекеттеріне азаматша «Ч»-ның немересі 105 000 теңге мөлшерінде қарызын қайтарудан бас тартқаны себеп болғанын түсіндірді. Азамат «П» келтірілген залалды өтеуге дайын екенін айтты.

Сот азамат «П»-ның қасақана әрекет еткенін анықтады, бұл азаматша «Ч»-ның, куәгер «В»-ның айғақтарымен және залал бағалау есебімен расталды. 

Сот азамат «П»-ның әрекеттерін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 147-1-бабының 1-бөлігі бойынша саралады, онда бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін жауапкершілік қарастырылған.

Құқық бұзушылық сипаты мен азамат «П»-ның материалдық жағдайын ескере отырып, сот оған бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер