Орешник деп аталатын, орыстар алдыңғы күні Днепр қаласын атқылаған баллистикалық зымыранның қалдықтарын украиндар теріп алып зертханаларда зерттеп жатыр екен және оны басқалар да көру үшін интернетке салып қойған. Сөйтсе... жаңа қару түрі, аналоговнет деп жүргендері баяғы СССР кезінде жобаланған Булава зымыранының көшірмесі және қашықтығы қысқартылған варианты болып шықты, яғни мұнысы ешқандай да жаңа қару емес, баяғыдан қалған ескі-құсқы бірдеңе екен. Мұны Батыс профессионалдары бірден анықтап тастапты. Бұлары ешқандай да тежеуші фактор бола алмайды (сдерживающий) дейді. Егер расымен де онысы Путин айтқандай жаңа қару болса орыс насихатшылары қайта-қайта жарнамалап құлақтарымызды әлдеқашан бітеп тастаған болар еді, кезінде әскери кезекшілікке қоймай тұрып-ақ Кинжал, Циркондарын жер-көкке сыйғызбай мақтады, іс жүзінде олары кәдімгі қатардағы зымырандар ғана болып шықты, бұл да сол сияқты болар еді дейді. Енді Путиннің соңғы көзірі ғана қалды - стратегиялық континентаралық зымырандар. Бірақ мұны тек бір-ақ рет қолдануға болады, сол бойда өзі де жоқ болып кетеді. Ал ондайға ешкім де барғысы келмейді, сондықтан Путинді өз айналасы-ақ жоқ қылуы мүмкін дейді. Мұны АҚШ президентінің экс-кеңесшісі, белгілі саясаткер Жон Болтон да айтып тастапты: әрине, Путиннің қорқытуларына серьезно қарау керек, бірақ шантажына еріп кетуге болмайды депті. Эскалация болмай ма деген сұраққа ол: ондай эскалация жасайтындай армия қайда депті. Яғни РФ армиясы бітті дегені. Ол тағы да: жалпы американдықтар ешқашан да ядролық қаруды бірінші болып қолданбаймыз деп ешкімге де уәде берген жоқ депті. Яғни қажет болса олардан бұрын қимылдаймыз дегені. Жалпы ядролық соғыс болған жағдайда да оған қарсы Батыстың өз жоспарлары бар. Соңғы жағдайға байланысты ол жоспарына корректировка да жасап тастапты.
РФ жағы Байден рұқсат береді деп күтпепті. Ядролық қарудан қорқады деп өздеріне сондай сенімді болған. Енді сасып қалып жатқанға ұқсайды. Украиндар да осыны пайдаланып, техникаларын жасырып үлгермей тұрғанда тездетіп құртып қалу үшін жойылуға тиіс объектілердің картасын жасапты (кейін осында комментарийге салармын). Әрине, ең бірінші кезекте Ростов облысы тұр. Мұнда төрт әскери әуежай бар екен. Солдаттарын РФ-дан осында алып келеді де, әрі қарай автобустармен украин жерлеріне тасымалдайтын көрінеді. Енді бір-екі күнде осы әуежайлардың көкке ұшқанын да көріп қалуымыз мүмкін. Сондай-ақ орыстардың өз техникалары мен адамдарын алысырақ әкеткені де тиімді, өйткені майданға дейінгі қашықтық ұзарады, оларды тез жеткізу қиындайды, т.с.с.
Осымен үшінші рет РФ түкпіріне батыс қаруын қолдануы украиндардың да, батыстың да Путиннің бопсасынан ешкім де қорқып отырмағанын көрсетеді.
Қуаныш Еділханов