«Адал Ұрпақ» мектеп клубтарының қалалық слетінің ақтық кезеңі өтті

119
Adyrna.kz Telegram

2024 жылғы 14 қарашада Астана қаласында «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының қалалық слетінің ақтық кезеңі сәтті өтті. Іс-шара барысында қала мектептерінің оқушылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және адалдық қағидаттарын насихаттайтын театрландырылған қойылымдарын ұсынды.

Слет екі кезеңнен тұрды: іріктеу және ақтық кезеңдер. Іріктеу кезеңдері қаланың әр ауданында өткізілді, нәтижесінде үздік деп танылған 10 мектеп ақтық кезеңге өтті. Әр мектеп өз қойылымында «Жемқорлықсыз өмір – Адал өмір» тақырыбын ашып, әділдік пен ар-намыс қағидаларын көрсетті.

Іс-шараны ұйымдастыруға Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті, Астана қаласының Білім басқармасы және «Қарағанды облысының жастар мен балалар ұйымдарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігі қолдау көрсетті.

Ақтық кезеңнің нәтижесі бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

- 1 орын және 100 000 теңгелік сертификат – Мұқағали Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясы;

- 2 орын және 50 000 теңгелік сертификат – Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясы;

- 3 орын және 30 000 теңгелік сертификат – Дінмұхамед Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейі.

Барлық қатысушы мектептер белсенді қатысқаны үшін дипломдармен марапатталды. Бұл слет жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске, адалдық пен әділдікке баулып, ұлтымыздың жарқын болашағын қалыптастыруға өз үлесін қосатын маңызды шара болып саналады.

 

Пікірлер