«Қазхром» кәсіпорнында тағы бір жұмысшы қаза болды

1513
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбедегі «Қазхром» кәсіпорнында тағы бір жұмысшы қаза болды. Қаралы хабарды компанияның баспасөз қызметі жеткізді, деп хабарлады «Адырна» тілшісі.

Оқиға 4 қарашада болған.

«Қазхром»ТҰК» АҚ филиалы - Дөң тау-кен байыту комбинатында монтаждау жұмысын жүргізіп жатқан мердігер ұйымның қызметкері биіктен құлап кетті. Компания оған кәсіби медициналық көмек көрсету үшін бар күшін салды. Оның өмірі үшін дәрігерлер бірнеше күн бойы күресті. Өкінішке қарай, құтқару мүмкін болмады», – делінген хабарламада.

Қазір оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, 30 қазанда дөң кен-байыту комбинатында көлік аударылып, екі жұмысшы көз жұмған еді.

«Қазхром» корпорациясы «Еуразиялық үштік» деп аталатын олигархтар – Александр Машкевич, Патох Шодиев және Ибрагимовтар отбасылары тиесілі ERG корпорациясының құрамына кіреді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер