Украина басшысы АҚШ-тың жаңа президентін жеңісімен құттықтағанын айтты

1527
Adyrna.kz Telegram
Фото: flickr.com
Фото: flickr.com

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамппен тығыз диалог орнатуға келіскен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Украина басшысы X әлеуметтік желісіндегі жазба жариялады. Зеленский Республикалық партиядан сайланған АҚШ-тың 47-президенті Дональд Трампты телефон арқылы құттықтағанын хабарлады.

Зеленский әңгіме өте сәтті өткенін айтып, республикашылдардың жеңісін «тарихи және сенімді» деп атады.

«Оның керемет сайлауалды кампаниясы осындай нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Біз тығыз диалог орнатуға және ынтымақтастығымызды дамытуға келістік. АҚШ-тың мықты және нық көшбасшылығы әлемдік қауымдастық пен әділетті бейбітшілік үшін маңызды», – деп жазды Зеленский.

Украина президенті Трампты 6 қараша күні таңертең құттықтап, оның ғаламдық мәселелерде «күш арқылы бейбітшілік» тәсілін ұстануын жоғары бағалайтынын айтқан болатын.

Зеленскийдің пікірінше, бұл тәсіл Украинадағы әділетті бейбітшіліктің орнауына ықпал етуі мүмкін.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Пікірлер