Министрлік қазақстандықтардың Ливаннан аман-есен оралғанын айтты

1259
Adyrna.kz Telegram
Сурет: AP Photo / Hassan Ammar
Сурет: AP Photo / Hassan Ammar

Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Ливанда болған 41 қазақстандық елге жеткізілді. Бұл туралы бүгін, 4 қарашада Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Аталған операция Ыстанбұл және Дубай қалалары арқылы ұйымдастырылып, нәтижесінде 17-31 қазан аралығында Бейруттан Астана мен Алматы қалаларына 41 адам аман-есен жеткізілді»,—делінген хабарламада.

Айта кетейік, эвакуация әскери қақтығыс аймағында қалған қазақстандықтардың  құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жүргізілді.

Бұған дейін Қазақстанның Ливандағы елшілігі елдегі қақтығыстарға байланысты азаматтарды сақтық мақсатында Ливаннан кетуге шақырған болатын.

Пікірлер