Қазақстанға жеткен құттықтауларда "тәуелсіздік" пен "аумақтық тұтастық" аталды

1122
Adyrna.kz Telegram
Сурет: e-history.kz
Сурет: e-history.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Республика күніне орай шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшылары құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық мереке – Республика күніне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың басшыларынан құттықтаулар келіп жатыр», - делінген хабарламада.

Ресей президенті Владимир Путин Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас стратегиялық әріптестік пен одақтастық рухында дамып келе жатқанын атап өтіп, Мәскеу мен Астананың көпжақты құрылымдар аясындағы белсенді өзара іс-қимылына тоқталды. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанның халықаралық аренадағы беделінің артқанын атап өтіп, екі ел арасындағы әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге дайын екенін білдірді.

Ал АҚШ президенті Джозеф Байден Қазақстанмен тәуелсіздік пен аумақтық тұтастық қағидаттарына негізделген ынтымақтастыққа бейілділігін растады. Құттықтаулар Ұлыбритания королі Чарльз III-ден де келіп, бейбітшілік пен климатты қорғау сияқты жаһандық мәселелер бойынша ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, Республика күніне орай Франция, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа да көптеген елдердің басшылары да құттықтау жеделхатын жолдады.

Пікірлер