ЛГБТ белсенділерінің митинг өткізуіне рұқсат бар ма?

110

Естеріңізде болса, ЛГБТ-ның митинг өткізу туралы жазбаша өтініші қанағаттандырылмайтын болып шешілген еді. Себебі мәлімдеменің мазмұны көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтінін «Нұр-Сұлтан» әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева алға тарты. Бас тарту себептерін түсіндірді. Ол Қазақстан Республикасындағы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңның 3-бабы қоғамдық орындарда өтуі жөніндегі өтініштердің мазмұнына нақты талаптар қойды. Атап айтсақ, жиналыс, митинг, шеру, т.б. пикет немесе демонстрация болжалды күніне дейін 10 күннен кешіктірмей ұсынылады. Өтініште шараның мақсаты, нысаны, орны мен күні, оның басталу және аяқталу уақыты, студенттердің болжамды саны көрсетіледі. Өтініш беру мерзімі жергілікті атқарушы органда тіркелген күннен бастап есептеледі. Тәртібін бұзған адамдар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылатындығын ескертті. Осыған орай "Адырна" ұлттық этнографиялық бірлестігі қызтеке, гомосексуалист, жыныс өзгертушілерге қатысты әнші, ақын, өнертанушы, қоғам белсендісі Ерлан Төлеутайдан сұхбат алды. Сұхбатта ЛГБТ өкілдерінің қоғамға келіп-кетер пайдасы мен зияны талқыланып, жастарға ой саларлық ақыл-кеңестер айтылды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер