Роза Мұқанованың драматургиясына арналған «ТЕАТР АLL» III Халықаралық театр фестивалі өтеді

130
Adyrna.kz Telegram

2024 жылдың 28 қазан мен 3 қараша күндері аралығында Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург Роза Мұқанованың драматургиясына арналған «ТЕАТР АLL» III Халықаралық театр фестивалі өтеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Биыл үшінші мәрте Астана төрінде ұйымдастырып жатқан бұл халықаралық фестивальге Әзербайжан, Қырғызстан және Қазақстанның үздік театр ұжымдары қатысады деп жоспарлануда.

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтетін «ТЕАТР АLL» III Халықаралық театр фестивалінің мақсаты – көрермендерді жазушы-драматург Роза Мұқанованың шығармашылығымен таныстыру, халықаралық шығармашылық байланыстарды нығайту және театр өнеріне жаңа серпін беріп өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау.

Фестиваль барысына тоқтала кетейік, 28-қазан күні сағат 18:00-де және 19:00-де Халықаралық театр фестивалінің қонақтары мен қатысушыларының салтанатты шеруі мен ашылуы өтеді. Ал, фестивальге қонақ ретінде қатысатын М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының қасіретнама «Мәңгілік бала бейне» қойылымы (Режиссері: Б.Атабаев) Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры ғимаратында (Мекен-жайы: Қ.Қуанышбаев көшесі 8/1) өтеді.

29-қазан күні 11:00-де А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры «Мәңгілік бала бейне» трагедиясын (Режиссері: А.Оспанбаева) Жастар театры ғимаратында (Мекен-жайы: И. Есенберлин көшесі 10), ал 19:00-де Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры «Бопай ханым» тарихи трагедиясын (Режиссері: Ж.Жұманбай)  ұсынса (Мекен-жайы: Қ.Қуанышбаев көшесі 8/1), 30-қазан күні сағат 15:00-де Астана қаласы әкімдігінің Қуыршақ театры Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» драмасымен (Режиссері: Қ.Ешмұратова) (Мекен-жайы: Республика даңғылы 3), ал сағат 19:00-де Қырғызстан Республикасы, Бішкек қаласынан келген Жамал Сейдакматова атындағы «Тунгуч» жастар театры «Жесір» драмасын (Режиссері: А.Кыдырмышев) Жастар театрында (Мекен-жайы: И. Есенберлин көшесі 10) көрермен назарына ұсынады.

31-қазан күні 17:00-де Р.Мұқанованың 60 жас мерейтойына арналған «Жарық дүние» атты шығармашылық кеші Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында өтсе (Мекен-жайы: Қ.Қуанышбаев көшесі 8/1), 1-қараша күні 11:00-де C.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының «Ешкім де кінәлі емес» драма-абсурды (Режиссері: Б.Киекбаев) және сағат 19:00-де Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры «Қызжылаған» драмасы (Режиссері:А.Максим) Музыкалық жас көрермен театры (Мекен-жайы: Ж.Омаров көшесі 47/Б)  ғимаратында өтеді.

2-қараша күні 11:00-де Х.Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры М.Әуезов, сахналық нұсқасын жасаған Р.Мұқанова «Қаралы сұлу» метафизикасы (Режиссері: А.Шарипов), Ә.Мәмбетов атындағы атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында өтсе (Мекен-жайы: Мәңгілік ел даңғылы, В2.3), ал сағат 19:00-де Түркістан музыкалық драма театры «Фариза» драмасы (Режиссері: Ф.Молдағали)  Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында  (Мекен-жайы: Қ.Қуанышбаев көшесі 8/1) өтеді.

3-қараша күні 11:00-де Әзербайжан Республикасы, Газах қаласы Газах мемлекеттік драма театры «Шатыр астындағы Мен» трагикомедиясы (Режиссері: М.Эйюбов)  М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында өтсе (Мекен-жайы: Желтоқсан көшесі, 11), сағат 19:00-де Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург Роза Мұқанованың драматургиясына арналған «ТЕАТР АLL» III Халықаралық театр фестивалінің салтанатты жабылуы Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында (Мекен-жайы: Қ.Қуанышбаев көшесі 8/1)  өтеді.

Пікірлер