Алматыда ірі наркологиялық зертхананың қызметі тоқтатылды

1097
Adyrna.kz Telegram

Алматыда 22 қазанда қала прокуратурасы ірі есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Операция барысында қылмыстық кәсіпорынының ұйымдастырушысы ұсталған.

«Зертхананы тінту кезінде 3 полиэтилен пакетке оралған 15 кг дайын мефедрон, әрқайсысы 30 литрлік 36 канистр, 10 литрлік 4 канистр, бес литрлік 5 шелек, 8 литрлік сұйықтық сақталған пластик бөтелкелер, сондай-ақ сору жүйесі бар моншасы, оның ішінде реагенттерді араластыру үшін қолданылатын 150 литрлік бөшке, электронды таразы, тыныс алу маскалары, араластыруға бейімделген бұрағыш,  8 пластикалық науалартабылып тәркіленді. Тәркіленген барлық құрал-жабдықтар мен заттар сараптамаға жіберілді. Зертхананы ұйымдастырушы уақытша ұстау изоляторына қамалды» - деп мәлімдеді Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Алматы қаласының прокуратурасы құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, қалада белсенді жұмыс істеп тұрған 22 наркологиялық зертхананың жолын кескен.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер