Өлтіріп, өзенге лақтырған. Атырауда жоғалған қыздың денесін іздеп жатыр

1126
Adyrna.kz Telegram

Атырау қаласының тұрғыны, 23 жастағы Яна Легкодимова 2024 жылдың 18 қазанында үйінен шығып кетіп, жоғалып кеткен. Полицейлер қызды өлтіріп, өзенге лақтырып кеткенін анықтады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің айтуынша, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Адам ұрлау» және «Адам өлтіру» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қыздың денесі әлі табылған жоқ.

«Кешенді тергеу шаралары басталды. 24 және 25 жастағы екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жедел іздестіру жұмыстары барысында күдіктілер тұншықтырып өлтіріп, қыздың денесін Махамбет ауданы Талдыкөл ауылындағы Жайық өзеніне лақтырып жібергені анықталды. Оны Атырау облысы ТЖД сүңгуірлерімен бірлесіп іздеуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», - деп хабарлады Атырау облысының баспасөз қызметі.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер