2024 жылғы 19 қазанға қараған түні Алматының оңтүстік-батысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, "Ұғғзи" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Астана уақыты бойынша сағат 1:32-де жер сілкінісін тіркеді.
«Жер сілкінісінің эпицентрі Өзбекстан аумағында Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 669 км жерде орналасқан», - делінген ТЖМ мәліметінде.
Қазақстан аумағында дүмпулер тіркелген жоқ.
Еске сала кетейік, 17 қазанында түнде Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды. Эпицентр Қытай аумағында Қазақстанның оңтүстік астанасынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде орналасқан.