Алматыда 2 баллдық жер сілкінісі тіркелді

1906
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/bdbeb70d-b4bd-452e-85e0-d6f3420e3b33-960x500.jpeg?token=b8960dc76363a98ca9f9e162fd8d0c0d
Алматыда 17 қазан күні жер сілкінісі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Алматы жұрты 2 балдық жер сілкінісін таңға жуық сезген.
«ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 17  қазан Астана уақытымен 03 сағат 23 мин жер сілкінісі тіркелді», – делінген Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметте.
Жер сілкінісінің ошағы Қытайда орналасқан. Қалалық ТЖМ Алматыға бұл жер сілкінісі 2 балл болып сезілгенін хабарлады. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар жоқ. 17 қазан күні таңғы 10:00-де сирена ойнап, оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілген. Еске сала кетейік, 16 қазан күні Түркияда 6 баллдық жер сілкінісі тіркелді.
Комментарии