Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин бұрынғы америкалық жаттықтырушысы Кристофер Камачоны шақырды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәліметінше, бұл бокстан Қазақстанның ерлер командасын Аммандағы Азия чемпионатына дайындау аясында жасалған. Отандық боксшылар 30 қараша мен 12 желтоқсан аралығында Иорданияда рингке шығады.
«Кристофер Камачо команда орналасқан жерге келіп, Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабына боксшыларды құрлық біріншілігіне дайындауға көмектеседі», - делінген хабарламада.