Ақордада пән олимпиадаларының жеңімпаздары марапатталды

1278
Adyrna.kz Telegram

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент тапсырмасына сәйкес халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қабылдады.

«Президент тапсырмасына сәйкес халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерімен кездесу өткіздік. Биыл өрендеріміз әлемнің түрлі елінде өткен пәндік олимпиадаларда 26 медаль иеленіп, ел абыройын асқақтатты. 2022 жылдан бастап Мемлекет басшысының бастамасымен халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздарына және олардың ұстаздарына ақшалай сыйлық табысталады. Бұл ретте Қазақстан – білім олимпиадасы жүлдегерлеріне осындай қолдау көрсететін санаулы елдің бірі» - деп бөлісті Ерлан Қарин әлеуметтік желі парақшасында.

Мемлекеттік кеңесші Қазақстанда жас­тарға өзін жан-жақты жетілдіруге бар­лық жағдай жасалғанына, әсіресе, өске­лең ұрпақ үшін білім мен ғылым саласында мол мүм­кін­дік бар екеніне назар аударды.

Кездесу соңында Ерлан Қарин олимпиа­да жеңімпаздарына жылы лебізін білдірді. Олардың білімі, ізденісі, отаншылдығы елдің мектеп оқушыларына үлгі-өнеге екенін атап өтті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер