Ливандағы шабуыл. Қорғаныс министрлігі қазақстандық бітімгерлердің жағдайы туралы айтты

1404
Adyrna.kz Telegram
Сурет: bbc.com
Сурет: bbc.com

13 қазанда Израиль әскері Ливандағы бітімгершілік базасына басып кіріп, негізгі қақпаны танкпен қиратты. Салдарынан 15 сарбаз жараланды. Бүгін Қорғаныс министрлігі қазақстандық бітімгерлердің жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Министрлік шиеленіскен жағдай қазақстандық бітімгерлердің қызметтік орындарынан қашық орналасқанын мәлімдеді. Айтуларынша, қазіргі уақытта штабтың үш офицерінен құралған қазақстандық бітімгерлер әдеттегідей жұмысын жалғастырып жатыр.

«Жағдай ушығып кеткен жағдайда қазақстандық әскери қызметкерлерді эвакуациялау мәселесі БҰҰ хатшылығымен және миссия басшылығымен бірлесіп шешіледі»,—деді департаменттің ресми өкілі Руслан Жангулин. 

Бұған дейін Израиль әскері Бейруттегі «Хезболланың» инфрақұрылымдық нысандарына зымыран шабуылдарын жасаған еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер