Жоғарғы сот кеңесінің құрамы қайта қаралады

980
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Жоғарғы сот кеңесінің құрамы қайта қаралады. Бұл туралы Астанада өткізіліп жатқан Қазақстан судьяларының съезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Жоғарғы сот кеңесі тәуелсіз әрі кәсіби соттар корпусын құруда гарант болуы тиіс. Сонда ғана сот жүйесі құқықтың үстемдігін, азаматтар мен бизнестің құқығының шынайы қорғалуын қамтамасыз ете алады. Осы мақсатта 2021 жылы Жоғары сот кеңесінен Әділет министрі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы шығарылды. Ары қарай осы жұмысты жалғастырып, судьяларды іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін Жоғарғы сот кеңесінің құрамын қайта қарау керек.

Халықаралық тәжірибе осындай органдарда прокуратура өкілдері болуы керектігін көрсетеді. Жоғарғы сот кеңесінің үйлесімді құрамын қалыптастыруды дұрыстап зерттеген абзал. Сонымен бірге, судьяларды әрдайым өз құзіретін арттырып, өз жұмысына жауапты түрде келуіне жігерлендірген жөн. Біз Жоғарғы соттың судьялардың біліктілік санатын қайтару бастамасын қолдаймыз. Соттың кәсібилігі барынша шынайы болуы тиіс. Бұл қадам судьялар корпусының кадрлық құрамының сапасын арттырар деген сенімдемін», – дейді президент.

Айта кетсек, Жоғарғы сот кеңесі – Қазақстан президентінің соттарды қалыптастыру жөніндегі конституциялық өкілеттіктерін, судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктерін қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Жақында оның басшысы болып Дмитрий Малахов тағайындалған.

Пікірлер