Telegram-да адамдарды суицид жасауға итермелеген арна анықталды

1482
Adyrna.kz Telegram
Фото: yandex.kz
Фото: yandex.kz

Telegram арқылы 70-ке жуық адамға өзіне қол салуға бұйрық берілгені анықталып отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Алматы прокуратурасы мәлімдеді. Белгілі болғандай, суицид жасауға итермелейтін контенті бар Telegram арнасы табылып, оны бұғаттау шаралары қабылданған.

Тексеру барысында 67 оқырман әкімшіліктен суицидке бағытталған рөлдік командалар алғаны анықталды.

"2024 жылы 23 қыркүйекте сот Алмалы ауданы прокурорының деструктивті чатқа тыйым салу туралы талабын қанағаттандырды. Сот шешімі дереу Мәдениет және ақпарат министрлігіне орындауға жолданды", – делінген прокуратура хабарламасында.

Прокуратура ата-аналарға күдікті контент анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну қажеттігін ескертті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер