Футбол жаттықтырушысы Есенбек Сыздықов өмірден озды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Футболшы, жаттықтырушы 74 жасында қайтыс болды.
Есенбек Кабирұлы Сыздықовтың қазасы туралы "Шахтер" футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады.
"74 жасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген футбол жаттықтырушысы Есенбек Кабирұлы Сыздықов өмірден өтті. Есенбек Кабирұлы бүкіл саналы ғұмырын футболға қызмет етуге арнады. Осы жылдар ішінде "Шахтер" ФК бас бапкері, команда басшысы, спорт директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық футбол лигасының төрағасы, Қарағанды қаласындағы футбол бойынша "Жастар" ОСЮШОР-ның директоры болды.
"Шахтер" ФК басшылығы мен командасы Есенбек Кабирұлының отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, ауыр және орны толмас қазаға қайғырады. Қазаның орнын ешбір сөз толтыра алмайды. Есенбек Кабирұлының жарқын естелігі оны білетін баршаның жүрегінде мәңгі сақталады", – деп жазды "Шахтер" футбол клубының баспасөз қызметі.