Көмекке қаржы жиналуда. «Рэкетир» фильмінің актері қатерлі дертке шалдықты

1337
Adyrna.kz Telegram

Танымал қазақстандық актер Мұрат Бисенбинге қатерлі ісік диагнозы қойылған. Бұл туралы оның әріптесі Саят Исембаев Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Исембаев Бисембиннің еміне қаражат керек екенін айтып, халықтан көмек сұрап, оған көмектесу үшін банк реквизиттерін жариялады. Оған қазақстандық өнер жұлдыздары қолдау көрсетті.

«Мұрат онкологиялық дертке шалдықты. Қазір ем қабылдап жүр. Бәрі ойдағыдай болады, ол өз қалпына келеді. Құрметті достар, мүмкіндігінше оған қаржылық көмек көрсетейік. Біздің қолдауымыз оның сауығып кетуіне өз ықпалын тигізеді. Мұрат, сенімен біргеміз», – деді ол.

Саят Исембаевтың үндеуінен кейін, Бисенбинге өзге әріптестері де қолдау көрсете бастады. Олардың ішінде актер Артур Төлепов, Тәуекел Мүсілім, әнші Бүркіт, блогер Серікжан Тілеулесов және басқалар бар.

Айта кетейік, 51 жастағы Мұрат Бисенбин 2000-шы жылдардың басында режиссер Ақан Сатаевтың дебюттік «Рэкетир» криминалдық драмасындағы Руслан рөлімен танымал болған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер