Елімізде әскер жасын 20-ға ұлғайту туралы петиция жарияланды

1117
Adyrna.kz Telegram

Елімізде әскерге шақыру жасын 18-ден 20-ға дейін ұлғайту жөнінде петиция жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

е-Petition сайтында "Әскери қызметке шақыру жасын ұлғайту туралы" петиция пайда болды. Құжатқа қол қойғандар саны 50-ге жеткен.

Петиция авторының сөзінше, 18 жастағы жігіт Отан қорғауға байланысты күрделі міндеттерді орындауға физикалық және психологиялық тұрғыдан дайын емес болып жатады.

“18 жаста олар әскерге кетсе, оқу процесі тоқтайды. Бұл болашақ мансабы мен кәсіби өсуіне кері әсерін тигізеді. 20 жастағы адам психологиялық және физикалық тұрғыдан тұрақтана бастайды. Осылайша олардың әскери қызметке дайындығы да артады. Бұл құжаттың тағы бір негізі бар. Әскердегі дезертирлік және басқа да құқық бұзушылықтар саны қысқаруы үшін жастарды 20 жасынан бастап әскерге шақырған дұрыс. Өйткені ересек адамдар мұндай жаста өзін-өзі ұстай алады және неге болса да үлкен жауапкершілікпен қарайды”, – делінген құжатта.

Пікірлер