«Көршілеріміз әскеріміздің деңгейі жоғары екенін мойындайды»

1233
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі әскери қызмет және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «БҰҰ-ның бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы» Заңын мақұлдады, деп хабарлайды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Журналистер Сенат депутаты Әлішер Сатбалдиевке «Қазақстанның көршісі және ең үлкен одақтасы соғысып жатыр. Қазіргі таңда Қазақстан әскерінің қуатын арттыру қажет пе? Соңғы үш жылда Қазақстанның әскерінен қандай проблема байқадыңыз?» деген сұрақ қойды.
«Әрине геосаяси жағдайларды ешқашан көз алдымыздан кетірмей, бақылап отырумыз керек. Қазақстан геосаяси өзгерістерге байланысты өзінің байсалды, салмақты саясаты бар. Көп векторлы саясатты Мемлекет басшысынан бастап парламентке дейін қолданып отыр. Негізі әлемдік лидерлердің айтып жатқан пікірлеріне қарасақ, біздің ұстаным дұрыс екенін көрсетіп отыр.
Қазіргі таңда біз көршілерімізде болып жатқан әскери қақтығыстарды көріп отырмыз. Осыған байланысты өзіміздің етек-жеңімізді жинауымыз керек. Бүгінгі таңдағы әскерді күшейтіп, тәртіпке келтіру мәселесі бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Нақтырақ айтсам бүгін бірнеше заң жобасы мақұлданды. Оның ішінде резервтегі әскери қызметтегі азаматтарды мобилизациялау секілді жұмыстар реттеліп жатыр. Бұл нені көрсетеді, бүгінгі оқиғалардың тамырын ұстап, бәрін бақылап отыру керек екенін көрсетеді.

Соңғы 3 жылдағы мәселе туралы айтсақ, әскерде әлімжеттік пен өлім мәселесі орын алды. Бірақ соңғы кездері оның реттелгенін көріп отырмыз. Сенаттағы Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті еліміздегі әскери бөлімдерде болып, әскерилердің өмірі мен қауіпсіздігін күнделікті қадағалап, бақылап отырмыз. Алдағы уақытта оның барлығы реттеле береді деген сенімдемін», – дейді ол.

Сондай-ақ журналист «Қазақстан әскерінің қуатына көңіліңіз тола ма? Жоқ әлде әлде де болса көңіл бөлетін мәселе бар ма?» деп сұрақ қойды.
«Бұл жерде халықтың, көпшіліктің көңілі толмайды деген пікірді естіп жатамыз. Бірақ мұндай кезде біз әскерилердің арасындағы халықаралық байқауларға мән беруіміз керек. Аталған байқауларда біздің әскерилеріміз биік тұратынын көруге болады. Сондай-ақ кейбір көрші елдерде барып, сол жердегі әскерилермен сөйлескен кезде олар біздің әскердің деңгейі жоғары және озық қаруларды меңгергенін екенін мойындайды», – дейді Сенат депутаты.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер