Елордада әскери қызметкер “бала зорламақ болды” деген күдікке ілінді

237
Adyrna.kz Telegram

Елордада қорғаныс министрлігінің офицері 8 жастағы балаға сексуалды зорлық көрсетті деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

БАҚ беттерінде қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерінің бірінің батальон командирінің подполковник шеніндегі орынбасары (бейресми мәліметтер бойынша - майор) Астанадағы ауруханда 2016 жылы туған баланы зорламақ болған деген ақпарат тарап кеткен.

Ішкі істер министрлігі кәмелетке толмаған балаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

“Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен оқуда жүрген Қорғаныс министрлігі Ақмола гарнизонының әскери қызметкері ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр”, – деп мәлімдеді ведомство.

Пікірлер