Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің кепілі

494
Adyrna.kz Telegram

Тарихы терең «Қазақстан» атты ортақ шаңырақтың астында 130-дан астам ұлт өкілі мекен етеді. Соның ішінде Алматы облысында этнос өкілдері көп шоғырланған. 1,5 млн халқы бар аймақта 105-тен астам өзге ұлт өкілдері тұрады.   Аумағы үлкен өлкеде ұлттар достығы жанданған.  Мұның басты сыры-этнос өкілдеріне ортақ тіл. Өйткені, тіл- достықтың алтын көпірі.

«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» бүгінгі заманға қаратылып айтылған асыл сөздің астарына үңілсек, түптеп келгенде елдер арасындағы ынтымақтың негізгі кілті «тіл» деген байламға әкеледі.   Бір сөзбен айтқанда тіл-ұлттың жаны, рухы мен намысы.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі де тілдің бүкіл халықты біріктіретін құндылық екенін әр сөзінде еске салады. Сондықтан этнос өкілдері арасындағы мемлекеттік тілдің мәртебесі жоғары.  Қазіргі  таңда мемлекеттік тілді меңгеруге деген өзге ұлт өкілдерінің қызығушылығы артқан.

«Тіліміздің қолдану аясын кеңейте түсу мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып қала береді. Бұл – біз үшін мызғымас ұстаным. Елімізде қазақ тіліне деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Қазақ тілі бизнестің, ғылым мен техниканың тіліне айнала бастады»-деген еді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Расында, елімізде  «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілген, бас құжатты қабылдаудағы басты мақсат-мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту.  Аталмыш бағдарламаның іске асырылуы ел аумағында оның ішінде, Алматы облысында да қарқын алған.  Облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ -нің ұйытқы болуымен өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін меңгеруіне жағдай жасалуда.  Қазақстан халқы Ассамблесянының жұмысын жандандыруға негізделген мекемеде тіл үйрену үйірмесі бар. «Қоғам, кел – қазақ тілі» деп аталатын курста 40-қа жуық адам білім алады. Оларға мемлекеттік тілді оқыту кабинетінің мұғалімі Айымгүл Қадырменова дәріс береді.

Облыс орталығы Қонаев қаласында орналасқан орталықтың жанындағы мемлекеттік тілді оқыту кабинеті 2023 жылдың мамыр айынан бастап өз жұмысына кіріскен. Бүгінгі күні келушілер 4 топқа бөлініп, қазақ тілін үйрену үстінде.  «Бастауыш», яғни қарапайым деңгейлік және қалған екеуі «Жалғастырушы» базалық деңгей болып бөлінген.  Айымгүл Қадырменованың айтуынша, «Бастауыш» топта -25, «Жалғастырушы» топта – 13 адам мемлекеттік тілді меңгеруде.

 

«Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ-де тілді оқыту кабинетіне келушілердің басым көпшілігі этномәдени бірлеслестіктердің өкілдері мен мектеп жасындағы оқушылар. Сабақ аптасына екі рет өтеді. Айта кетерлігі, қазақ тілін үйренемін деген әрбір жан үшін біздің курсқа тегін түрде қатыса алады»,-дейді Айымгүл Қадырменова.

Орталықта ортақ тілді үйренуге құлықты келушілердің саны жыл санап өсуде. Оған негіз - қазақ тілінің мемлекет аралық келісім тіліне айналуында.  өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруге қызығушылықтың артуы заңдылық, өйткені, қазақ жері - әрбір этностың алтын бесігі, ал, мемлекеттік  тіл – ел бірлігінің кепілі.  Сол себепті, құшағында тербетіп, бауырына бастқан елдің тілін құрметтеу әркімнің борышы.

Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы  айтқандай, қазақ тілін білу- Қазақстанның әрбір азаматынның парызы, тіпті  міндеті.  Қаперімізде болсын, тіл - ұлттың қазынасы.

 

 

Анар САБЫРОВА,

Алматы облысы 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер