Екінші үкім. Гүлмира Сатыбалды 12 жылға сотталды

1656
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/e099a2f9-f780-4270-aacf-06313a887da0-960x500.jpeg?token=5963992ef3995ebdfc8bdcd5e07b460d
Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қайрат Сатыбалдының бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  Сот шешімі бойынша Гүлмира Сатыбалды - 12 жылға, Мәди Батыршаев тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Гүлмира Сатыбалды Қылмыстық кодекстің бірқатар бабы бойынша айып тағылды: адамды заңсыз бас бостандығынан айыру, бопсалау. Оның жүргізушісі Мәди Батыршаевты да заңсыз бас бостандығынан айырды деп айыптады. Сотта прокурор Сатыбалды 13 жыл, ал Батыршаевты 9 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушылар мен олардың адвокаттары соттан оларды ақтауды сұрады. Сатыбалды орташа қауіпсіздік мекемесінде 12 жыл жазасын өтейді. Оның көмекшісі - Батыршаевқа тоғыз жыл берілді. Сот сотталған Сатыбалдыдан жәбірленуші Ж.-ның пайдасына 2,6 млрд теңге материалдық шығын, сонымен қатар 10 млн теңге моральдық шығын, сотталған Батыршаевтан 2 млн теңгені өндірді. Айта кетсек, бұған дейін Гүлмира Сатыбалды қылмыстық кодекстің 28-бабы, 125-бабының 2-бөлігі 1 және 8 тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Сот үкімі 4 мамырда шыққан.
Комментарии