Оқу жылының басталуына төрт күн қалғанда министрлік қосымша гранттар бөлгенін мәлімдеді

1073
Adyrna.kz Telegram

Оқу жылының басталуына төрт күн қалғанда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қосымша гранттар бөлді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қосымша білім беру гранттарын тағайындады», – делінген баспасөз хабарламасында.

Минстрліктің хабарлауынша, білім беру гранттары белгіленген тәртіппен, конкурс негізінде, ең жоғары ҰБТ балдарына ие болған үміткерлерге білім беру бағдарламаларының тиісті топтарына сәйкес белгіленген.

Тізімде тұрған барлық грант иегері жоғары оқу орындарына құжат өткізу үшін бару керек екені айтылған.

Еске сала кетейік, су басқан өңірлердегі түлектер үшін квота бөлінгендіктен, ҰБТ-дан жоғары балл алған үміткерлердің көпшілігі ЖОО-ға түсе алмай қалған болатын.

Одан бөлек, Алматылық талапкер Медина Майсар Ғылым және жоғары білім министрлігін сотқа берді. Ол бұған дейін президентке ашық үндеу жасап, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қызметінен босатуды сұраған болатын.

Пікірлер