Гүлмира Сатыбалдының сот ісі. Прокурор 13 жылға қамауды сұрады

743
Adyrna.kz Telegram

Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша жәбірленушілер моральдық және материалдық шығынды өтеу туралы азаматтық шағым түсірді. Прокурор соттағы жарыссөз кезінде Гүлмира Сатыбалдыны 13 жылға бас бостандығынын айыруды сұрады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы “ҚазАқпарат”-қа сілтеп.

Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға аса ірі мөлшерде бопсалау және өзін-өзі басқару бойынша айып тағылып отыр. Г.Сатыбалдадан бөлек оның жүргізушісі Мәди Батыршаев та айыпталушы сотында отыр.

Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы екі сотталушыны да кінәлі деп танып, оларға мынадай жаза тағайындауды сұрады:

Гүлмира Сатыбалдыны 13 жылға қамап және жазасын қатаң тәртіптегі қылмыстық-атқару жүйесінде, ал Мәди Батыршаевты 10 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын орташа қылмыстық-атқару жүйесінде өтеуін сұрады.

Осыған дейін Гүлмира Сатыбалдының адвокаты судьяны ауыстыруды талап еткен болатын.  Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша сот тергеуі 19 тамыз күні аяқталды.

Еске салайық, бұған дейін кәсіпкер Абай Жүнісов Гүлмира Сатыбалды бірлескен серіктестікте ұрлық жасады деген күдікпен кінәсін мойындауды талап етіп, 2019 жылдың ақпанынан бері үйінде заңсыз қамауда ұстағанын айтқан еді.

Пікірлер