Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан президенті Тамаш Шуйокке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бүгін Мажарстанда Әулие Иштван күні тойланып жатыр. Мерекеге орай Президент мемлекетті құттықтады.
Қазақстан Президенті екі ел арасындағы ынтымақтастықтың деңгейін жоғары бағалап, стратегиялық серіктестік барлық сала бойынша жүйелі әрі нәтижелі түрде одан әрі дами беретініне сенім білдірді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тамаш Шуйоктың барлық игі бастамасына табыс, ал бауырлас мажар халқына бақ-береке тіледі.