Президент Дулат Исабековтің туыстарына көңіл айтты

942
Adyrna.kz Telegram
"Adal adam" ютуб-арнасынан скрин-шот
"Adal adam" ютуб-арнасынан скрин-шот

Белгілі жазушы Дулат Исабеков 83 жасында дүниеден өтті. Мемлекет басшысы марқұмның туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қаралы хабарды Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов кеше, 21 ақпан күні растаған еді.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жазушының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жіберді.

“Дулат Исабекұлы ұлағатты ғұмырын ұлт әдебиетіне арнаған, тағылымды туындыларымен оқырман санасына шамшырақ бола білген нағыз дегдар тұлға еді.

Халқымыздың рухани әлемін байытуда, ұлттық прозамыздың көкжиегін кеңейтуде аянбай тер төгіп, өнегелі өмір сүрді. Қуатты қаламынан туған сүбелі шығармалары, драмалық еңбектері әлем сахналарын бағындырып, дүние жүзіне киелі сөз өнерімізді дәріптеді. Соңына әдеби мол мұра қалдырған Дулат Исабекұлының жарқын бейнесі мен ардақты есімі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын”, – делінген жеделхатта.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Стальная потенция будет всю ночь! Вот что нужно сделать вечером
Пікірлер