Рейске кешіккен FlyArystan-ның жолаушылары әуежайда бүлік шығарды

1272
Adyrna.kz Telegram
19 тамызда Алматы әуежайында бір топ жолаушы бүлік шығарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Fly Arystan әуе компаниясының жолаушылары SMS-хабарламадағы қателіктен рейске кешіккен. Ызаланған әуекомпанияның тұтынушылары әуежайда заттарды лақтырып, бүлік шығарған.
"Алматы-Астана рейсі 09:05-тен 09:25-ке кешіктірілген, бірақ жүйедегі ақауға байланысты жолаушылар рейс 10:55-ке ауыстырылғаны туралы хабарлама алған", - деп хабарлады FlyArystan.
Ішкі істер министрлігінің Көліктегі полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді.
Сол күні рейске кешіккен әйел қызметкерлерді балағаттағаны айтылуда. Бұл туралы Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері анықтады.
"Көлік полицейлері әйелге қатысты шара қолданып, ұсақ бұзақылық және бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін әкімшілік іс қозғады", - делінген хабарламада.
Жиналған материал сотқа жіберіледі.
Пікірлер