28 ақпан мен 2 наурыз аралығында Алматыда «Шымбұлақ» тау шипажайында фристайл-могул және фристайл акробатикадан Әлем кубогының өтеді. Бұл туралы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына арналған баспасөз мәслихатында «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының директоры Ринат Әбдірахманов айтты, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы.
Ақпаратқа сәйкес, бұл жарыстарға жаздан бері дайындық жүріп жатыр.
“Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияда алғаш рет өтіп жатыр. Уақыт тығыздығынан қиыншылықтар болды. Акробатика мен могулдарға арналған тректерді дайындау үшін жазғы жұмыстарды мұқият жүргіздік. Бұл жұмыстарды әріптестеріміз жоғары бағалады. Оған біздің мамандар ғана емес, шетелдік, атап айтқанда Андоррадан кеңесшілер де тартылды. Олар бізге ұйымдастыру мәселесінде көмектесті», – дейді Ринат Әбдірахманов.
Еске сала кетейік, 2018-2019 маусымында Алматыда алғаш рет фристайл-могулдан әлем чемпионаты өтті. Одан кейін Қазақстан құрамасының көшбасшысы Юлия Галышева алтыннан алқа тағынған болатын.