Министрлік Жамбыл облысында алты адамның өмірін қиған жол апатына қатысты мәлімдеме жасады

1003
Adyrna.kz Telegram

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов бүгін, 17 тамызда Жамбыл облысында қаза тапқан полицейлердің отбасыларына көңіл айтты, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Меркі-Шу-Бурылбайтал» тас жолында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында қызметтік борышын өтеу кезінде қайғылы қазаға ұшыраған полиция қызметкерлерінің елге сіңірген еңбегі ұшан-теңіз», - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сәденов қаза болғандардың отбасыларына «толық қолдау және қажетті көмек көрсетуге» уәде берді.

Сондай-ақ ол 16 тамыздан 17 тамызға қараған түні орын алған жантүршігерлік апатқа қатысты тергеу барысын қадағалап отырғанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, республикалық маңызы бар Меркі – Шу – Бурылбайтал тас жолының 40-шы шақырымында екі көлік соқтығысқанын жазған болатынбыз. Апат салдарынан екі полицей қызметкері және тағы 4 адам қаза тапқан болатын. Қызметкерлердің бірінің 11 баласы бар екені айтылған еді.

Пікірлер