Көк түріктер дүниетанымын зерттеген ғалым Айман Досымбаеваны соңғы сапарға шығарып салды

893
Adyrna.kz Telegram

Көк түріктер дүниетанымын зерттеген ғалым, археолог, доктор, профессор Айман Медеубайқызын соңғы сапарға шығарып салды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Профессормен қоштасу бүгін, 16 тамыз сағат 11:00-де Әлкей Марғұлан атындағы Археология институты ғимаратында өтті.

Айман Досымбаева қазақ археологиясында терең із қалдырып, көне түркілер тарихында жаңа парақтар ашып, Жетісу және Сарыарқа ескерткіштерін зерттеуге зор үлес қосқан экспедициялар ұйымдастырды. 10-нан астам монография және 100-ден астам мақала жазды. Сондай-ақ, жас мамандарды дайындаудағы, ғылымды дамытудағы үлесі мол.

“Адырна” ұлттық порталы көрнекті археолог және ғалым Айман Досымбаеваның мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты отбасына, жақындарына және әріптестеріне қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Пікірлер