Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласына мемлекетаралық іздеу жарияланды

1661
Adyrna.kz Telegram
фото: UlysMedia
фото: UlysMedia

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы деп аталған Азамат Қапеновке Қазақстанда мемлекетаралық іздеуге жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

«Азамат Абайұлы Капеновқа іздеу жарияланды. Іздеу түрі «мемлекетаралық», делінген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.

Антикор қосымша ақпаратты кейінірек беруге уәде берді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қапеновқа іздеу жарияланғаны хабарланған болатын. Бұқаралық ақпарат құралдарында оның Кәрім Мәсімовтің күйеу баласы екендігі айтылуда. Ол бұрынғы ҰҚК басшысының үлкен қызына үйленгені айтылды.

Пікірлер