Ел бюджетінен Париж Олимпиадасына қанша теңге бөлінді?

1317
Adyrna.kz Telegram
Фото: olympic.org
Фото: olympic.org

Қазақстан бюджетінен Ұлттық құраманың Парижге дайындығына 1 миллиард теңгедей жұмсалған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Елімізден биылғы бәсекеге 80 спортшы спорттың 25 түрінен 92 лицензияға ие болған еді. Алайда қос теннисші Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева аламанға қатысудан бас тартты.

Кейіннен БАҚ беттерінде Париж Олимпиадасына қанша теңге бөлінгені туралы ақпарат жария болды.

«Ұлттық құраманы дайындауға және оның Олимпиада ойындарына қатысуына шамамен 980 миллион теңге жұмсалды», – деген еді туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев.

Төртжылдықтың бас додасының нәтижесінде медаль саны бойынша Қазақстан 43-орынға тұрақтады. Ұлттық құрама қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола – барлығы 7 медаль бар.

Пікірлер