Жүргізуші зардап шеккен. Ақмола облысында жол апаты орын алды

1060
Adyrna.kz Telegram
фото: Ақмола облысы ТЖД баспасөзінен
фото: Ақмола облысы ТЖД баспасөзінен

Ақмола облысында жол-көлік оқиғасы (ЖКО) орын алып, жүргізуші зардап шекті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы облыстық Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп. 

«Бүгін Бурабай ауданында Щучье-Бурабай тас жолында жүргізуші зардап шеккен жол-көлік оқиғасы болды», - делінген хабарламада.

Оқиға орнына шақырылған құтқарушылар дереу зақымдалған көліктен бір адамды шығаруға кіріскені хабарланды. Жедел-құтқару жұмыстарының нәтижесінде ер адам құтқарылып, жедел жәрдемге жеткізілді.

Пікірлер