Елдос Сметов дзюдодан әлемдік рейтингте үздік бестікке көтерілді

962
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Туризм және спорт министрлігі
Сурет: Туризм және спорт министрлігі

Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов дзюдодан әлемдік рейтингте үздік бестіктің қатарына қосылды. Бұл туралы sports.kz жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов 2024 жылғы Олимпиаданың алтын медалін жеңіп алғаннан кейін Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) әлемдік рейтингіндегі жағдайын едәуір жақсартты.

Ақпаратқа сәйкес, 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесі туралы жаңартылған кестеде Сметов бірден 17 жолға көтеріліп, қазір бесінші орында тұр.

Тізімде Қытайдың Тайбэйінен Ян Юн Вэй көш бастап тұр, одан кейін Франция өкілі Лука Мхеидзе мен грузин дзюдошысы Георгий Сардалашвили орналасқан. Төртінші жол испандық Франциско Гарригосқа тиесілі.

Еске сала кетсек, Олимпиадалық турнирде Елдос Сметов ширек финалда топ-5 саналатын Ян Юнвейді, жартылай финалда Франсиско Гарригостан және финалда Лука Мхеидзені жеңген еді.

Пікірлер