Жамбылда ер адам көшеде полицейлерге жаттығу жасатты

1944
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Жамбыл облысында азаматтық киім киген ер адам полиция қызметкерлеріне жаттығу жасатқан сәті бейнеге түсіп қалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ер адамның тәртіп сақшыларына "отжимание" жасатып жатқан видеосы желіде тарады.

Бейресми деректерде видеодағы ақ жейде киген ер адамның Жамбыл облыстық полиция департаменті басшысының орынбасарларының бірі екені айтылған.

Ал Ішкі істер министрлігі видеоға қатысты қызметтік тексеріс басталғанын мәлімдеді.

"Қызметтік тексеру жүргізілуде, тексеріс қорытындысы бойынша құқықтық баға беріледі", – делінген министрлік хабарламасында.

Өзге деректер тарамады. Ал желі қолданушылары "бір дөкей болар", "дұрыс жасасын" деп пікір қалдырған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер