Париж Олимпиадасы. Әлімхан Сыздықов ширек финалға шықты

1740
Adyrna.kz Telegram
Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен қазақ балуандары арасынан Әлімхан Сыздықов ел намысын қорғады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

130 келі салмақта шыққан отандасымыз алғашқы кездесуінде 2022 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері румын балуаны Алин Алексук-Чурариумен күресті.

Аса тартысты өткен белдесу нәтижесінде Сыздықов қарсыласын 3:1 есебімен ұтып, ширек финалға шықты.

Естеріңізге сала кетейік, Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызда мәресіне жетеді. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысып жатыр. Олимпиадашылар 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салып жатыр.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер