Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбанов спортшы қызға үйленетінін айтты

2018
Adyrna.kz Telegram
Фото: instagram.com/aida_baurzhanova
Фото: instagram.com/aida_baurzhanova
Спорттық гимнастикадан ел қоржынына күміс медаль сыйлаған спортшы қазақ қызына үйленетінін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы 1bol.kz-ке сілтеп.
Қазақстан қоржынына Олимпиаданың тарихи медалін салған Нариман Құрбанов алдағы жоспарымен бөлісті. Спортшы төртжылдықтың бас додасында жүлдеге қол жеткізді. Сол арқылы ол мақсатына қол жеткізіп, шаңырақ құратынын айтып уәде берген екен.

"Медальді сезініп үлгерген жоқпын. Елге оралып, спорттық гимнастикаға қатысы бар адамдардың қолдауын, құттықтауын көргенде барып түсінетін шығармын. Ең алдымен үйленемін. Сүйіктім әбден күтті. Аидаға үш жылдан бері Олимпиада ойындары аяқталған бойда отау құрамыз деп уәде беріп келдім. Бұйыртса, сол уәдемді орындаймын", - деді Нариман.

Құрбанов спорттық карьерасын да жалғастырып, алда алтынға қол жеткізуге мүмкіндігі бар екенін де хабарлады.

"Мені алда күтіп тұрған келесі олимпиадалық цикл - 26 жастан 30 жасқа дейінгі аралық атта жұмыс істейтін гимнаст үшін шың саналады, сондықтан алтын медаль алуға мүмкіндік жоғары", - деді ол.

Париж Олимпиадасында жүлдеге ие болған Нариман Құрбановтың сүйіктісі Аида Бауыржанова да өзімен бірге өнер көрсетіп жүрген гимнаст.

Пікірлер