Хамас жетекшісі Тегерандағы террактіден опат болды

1457
Adyrna.kz Telegram

Палестиналық Хамас ұйымы Тегерандағы резиденцияға Израильдің жасаған соққысынан кейін өздерінің саяси жетекшісі Исмаил Ханиенің қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Ағамыз, көшбасшымыз, қозғалыс жетекшісі, Муджахид Исмаил Хание Иранның жаңа президентінің инаугурациясына қатысқаннан кейін  Тегерандағы штаб-пәтеріне сионистер жасаған шабуылда қаза тапты», - деп хабарлайды әлемдік агенттік Хамас мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Резиденцияға нақты қалай соққы жасалғаны белгісіз. Ханияның қайтыс болғанын Иран Ислам революциясының Сақшылар корпусы да хабарлады.

Палестиналық WAFA агенттігінің хабарлауынша, Палестина автономиясының президенті Махмуд Аббас Ханиенің өлтірілуін қатаң айыптады.

BBC-дің Таяу Шығыстағы тілшісі Йоланда Кнелл атап өткендей, ХАМАС өкілдері Ханияға жасалған соққы аймақтағы қақтығыстың елеулі түрде өршуін білдіреді және «жазасыз қалмайды» деп мәлімдеген.

«Бұл Газадағы соғыс барысына қалай әсер ететіні әзірге белгісіз, бірақ Исмаил Хание  атысты тоқтату және кепілге алынғандарды босату жөніндегі жаңа келіссөздерді қадағалады. Оның қатал риторикасына қарамастан, сарапшылар оны өткен жылы Израильдің оңтүстігіне жасалған үрейлі рейдті ұйымдастырды делінген Мұхаммед Дейф пен Яхья Синвар ретінде қарастырды.

Пікірлер