Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары 16 жастағы қызды іздеп жатыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Оқыс оқиға 28 шілдеде болған.
«Сағат 10:41-де облыстық ТЖД кезекші пультіне Қасқасу ауылынан 15 шақырым қашықта орналасқан Сайрам-су таулы өзеніне жасөспірім қыздың суға батып кеткені туралы ақпарат түсті. Достарының айтуынша, ол фотосессия жасау кезінде абайсызда өзенге құлаған»,—делінген хабарламада.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 54 қызметкері, 1 жүзу құралы және 4 техника, Түркістан облысы ПД 6 қызметкер және 3 техника, жергілікті атқарушы органдардың 11 қызметкері жұмылдырылды.