Жоғарғы сот төрағасы Тоқаевқа есеп берді

1378
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Ақорда
Сурет: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады. Бұл туралы бүгін Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мемлекет басшысына сот төрелігіндегі өзекті мәселелер мен сот жүйесін одан әрі жаңғырту шаралары туралы мәлімет берілді.

Сондай-ақ Асламбек Мерғалиев сот жүйесін цифрландыру және дау тудырмайтын әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша автоматтандыру жұмыстары жүзеге асырылып жатқанын баяндады. Айтуынша, азаматтық және әкімшілік істер бойынша татуластыру рәсімдерін қолдану көрсеткіші өсіп келе жатыр.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев сала кадрларының сапасын арттыру, азаматтарды сот арқылы қорғауды күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және соттарға деген сенімді арттырудың маңызын атап өтті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Пікірлер