Назарбаеваның рейдерлік әрекетін әшкерелеген адам үйіне бәз біреулердің кіруге әрекеттенгенін хабарлады

1398
Adyrna.kz Telegram

Бұған дейін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаеваның рейдерлік әрекеті туралы әшкерелеген кәсіпкер Нұрлан Бимурзин өзінің үйіне басып кіру әрекеті туралы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Оқиға 16-сы күні түнгі сағат 01.30-да болды. Біздің подъезд жабық тұрады, өзінің коды бар. Бұл үйде мен және менің отбасымнан басқа ешкім тұрмайды, жан-жақта қалғаны тек кеңселер ғана. Олардың барлығында жеке кіру коды бар. Өмірімнің, денсаулығымның және отбасымның қауіпсіздігі үшін периметрдің айналасына, кіреберістің үстіне және пәтерімнің үстіндегі кіреберіске камералар орнаттым. Сағат 01.30-да белгісіз біреу кіріп, бейнебақылау камераларының кабельдерін мұқият тексере бастайды, айналаға қарап, кейін кетіп қалады», - дейді Нұрлан Бимурзин.

Ол бұл Әлия Назарбаеваның ісі болуы мүмкін деп күдіктенеді. Дегенмен, тікелей дәлел жоқ. Бимурзин жағдайға қатысты полиция шақырды. Бимурзинге берілген талон бойынша 16 шілдеде полиция арызды қабылдап, материалдарды Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне тіркегені айтылады.

Еске салайық, Бимурзин 28 ақпанда серіктесі Қалиев екеуі Назарбаева мен Рогованың рейдерлік шабуылының құрбаны болғанын хабарлаған болатын.

Пікірлер