Ақтау қаласына жаңа әкім тағайындалды

1196
Adyrna.kz Telegram

Әбілқайыр Байпақов Ақтау қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы бүгін, 16 шілдеде Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұған дейін қала әкімі болған Ұлықбек Тінәлиев өз еркімен қызметінен кетті.

Әбілқайыр Байпақов 1978 жылы Маңғыстау ауданы Шетпе ауылында дүниеге келген. Әр жылдары өңірдің мемлекеттік органдарында, оның ішінде Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасы мен мәдениет басқармасында, Ақтау қаласы әкімі аппаратының, Түпқараған және Қарақия аудандарының басшысы, Мұнайлы ауданы Баянды ауылының әкімі, "Каспий "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы "ҰК" АҚ, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2023 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасының басшысы болды.

Пікірлер