Ақтөбе полициясы 44 млн теңгеден астам қаржыға екі жеделсаты сатып алмақ

1598
Adyrna.kz Telegram
Сурет: bobrlife.by
Сурет: bobrlife.by

Ақтөбе облысының Полиция департаменті 44 642 857.14 теңгеге екі жеделсаты сатып алуға тендер жариялады, деп хабарлайды Адырна ұлттық порталы satypalu.gov.kz сайтына сілтеме жасап.

"Ақтөбе облысының ПД қажеттілігі үшін лифттерді сатып алу" деген тақырыппен жарияланған мемлекеттік сатып алуға өтінімдер қабылдау 16 шілдеде басталады.
Тендер жеңімпазы 31 шілде күні анықталады.

Техникалық сипаттамада Полиция департаменті тапсырыс берген жеделсатылардың бірінің жүк көтергіштігі 1000 кг, екіншісі 450 кг болуы керектігі жазылған. Бірақ, екі жеделсатының жеке-жеке құны анық көрсетілмеген. Еліміздегі жүктемесі 450-1000 келілік жеделсатылардың орташа құнын қарадық. Мұндай жеделсатыларды сатып алу құны орташа 6 000 000 - 10 000 000 теңгені құрайды екен.

Сонда "Ақтөбе облысының Полиция департаменті екі жеделсаты үшін 44 642 857.14 теңгені қандай негізге сүйеніп бөліп отыр?" деген сұрақ туындайды. Не себепті әр тауардың жеке өзіндік құны көрсетілмеген?  Бұл сұрақтарды тиісті органға жолдадық. Жауабын қосымша жариялайтын боламыз.

Ақан Бірлік,

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер