ЖАРАС КЕМЕЛЖАН: Назарбаевпен бірге қанша буын қартайды?!

2186
Adyrna.kz Telegram
Самат Әбіш (сол жақта), Нұрсұлтан Назарбаев (ортада), Болат Назарбаев (оң жақта).
Самат Әбіш (сол жақта), Нұрсұлтан Назарбаев (ортада), Болат Назарбаев (оң жақта).

Бүгін 84 жасқа толды.

Өмір осы кісінікі ғой шіркін. Қазақ тарихында Назарбаев сияқты жалғанды жалпағынан басқан пенде болмаған шығар. Жоқ қой, жоқ.

Ішті, жеді, сатты, басып алды, тартып алды, еппен алды, себеппен алды - қолы жетпеген дүние жоқ.

29 жыл Қазақстанды жалғыз билеп-төстеді.

Шексіз байлық жинады: 7 ұрпағына жететін миллиардер қазір.

Жалғыз өзі ғана емес, жақындары: үш қызы, інісі, немере бауырлары да "қарияның" атын малданып білгенін қылды.

Назарбаевпен бірге қанша буын қартайды: қанша қазақ жақсы күнді көре алмай өмірден кетті? Қанша қазақ жақсы өмір сүреміз деп сенді, соны күтті, бірақ отыз жылда еш өзгеріс болған жоқ, болар еді - болғызбады.

Астана салғаны, шекараны шегендегенін айта бермеңіздер. Кез келген президент жасайтын жұмыс.

Биліктен кеткелі 5 жыл болды. Бірақ әлі де ықпалды екенін құдайдан жасыра алмаймыз. Жоғалтқан ешнәрсесі жоқ.

Қаскелеңнен осындай адам қалай туды екен, ә?

 

Жарас Кемелжан

 

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер