Қазақстан ТЖМ Қырғызстанда селден қаза тапқан қазақстандық балаларды тасымалдауға ұшақ жібермек

1585
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Қырғызстанға селден қаза тапқан балаларды тасымалдау үшін борт жібермек, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеп.

«Барлық қажетті үйлестіру және ақпарат алмасу жұмыстары жүргізілуде. Қаза тапқандардың мәйіттерін тасымалдау үшін Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Ош қаласына ұшақ жөнелту мәселесін қарастыруда», - делінген хабарламада.

Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Ош облысы Ноокат ауданы Абшыр-Ата ауылында сел салдарынан кәмелетке толмаған екі Қазақстан азаматы қаза тапқан. Тағы екеуі із-түзсіз жоғалған деп айтылды.

Оларды Қырғызстанның құтқарушылары іздестіріп жатыр.

«Қазақстандық дипломаттар жергілікті билікпен тұрақты байланыста. Біздің Қырғызстандағы Елшілігіміз қайтыс болған балалардың туыстарына барлық қажетті көмекті көрсетеді. Бұл қайғылы оқиға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше бақылауында», - деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі.

ҚР Министрі Мұрат Нұртілеу әріптесі министр Жээнбек Құлыбаевқа телефон шалды. Олар төтенше жағдайдың мән-жайын және екі елдің тиісті мемлекеттік органдарының өзара іс-қимылын талқылады.

Пікірлер