Биыл күзде Қазақстанда АЭС құрылысы туралы референдум өтеді

1785
Adyrna.kz Telegram

Биыл күзде Қазақстанда атом электр стансасын (АЭС) салу бойынша референдум өтеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, экономиканы дамыту үшін тұрақты энергия көзі керек. Сондықтан мен атом электр стансасын салу мәселесін пысықтау туралы нақты тапсырма бердім. Қазір жан-жақты талқылау болып жатыр. Әртүрлі пікір айтылуда. Бұл үдеріске бұқаралық ақпарат құралдары да белсене атсалысуы керек», - деді Тоқаев БАҚ қызметкерлерін марапаттау рәсімінде.

Ол елде атом энергетикасын дамытуға зор мүмкіндіктер бар деп есептейді.

«Шын мәнінде, елімізде атом энергетикасын дамытуға зор мүмкіндік бар. Оны дұрыс, яғни тиімді пайдаланған жөн. Осы мәселеге қатысты соңғы шешімді халық қабылдайды. Референдум биыл күзде өтеді. Үкімет нақты датаны айқындайды», - деді Тоқаев.

Пікірлер